Мерген Билялов Kunlun Fight 72 турнирінде қытайлық спортшыны нокаутқа жіберді

Мерген Билялов Kunlun Fight 72 турнирінде қытайлық спортшыны нокаутқа жіберді

Қазақстандық кикбоксшы Мерген Билялов Kunlun Fight 72 турнирінде қытайлық қарсыласын нокаутпен ұтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Кикбокстан әлем чемпионы Мерген Билялов Қытайда өткен Kunlun Fight 72 турнирінде өнер көрсетті. 75 келі салмақта сынға түскен отандасымыз жергілікті спортшы Жанг Иангке қарсы жұдырықтасып, кездесуді алғашқы раундта аяқтады. Мергеннің жойқын соққыларына төтеп бере алмаған қытайлық спортшыны төрешілер арашалап қалды. 

Айта кетейік, Мерген Билялов еліміздегі ең мықты кикбоксшының бірі. Ол кикбокстан Қытайдың атақты тұжырымарында өнер көрсетіп, талай мәрте жеңіс тұғырынан көрінген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или