«Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «ТХК»-дан басым түсті

«Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «ТХК»-дан басым түсті
<p style="text-align: justify;"> <strong>Жоғары хоккей лигасының кезекті ойындары аясында Қарағанды қаласының &laquo;Сарыарқа&raquo; хоккей клубы сырт алаңда &laquo;ТХК&raquo; (Ресей, Тверь) командасын жеңді.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Ойынның бірінші кезеңінде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде &laquo;Сарыарқаның&raquo; хоккейшілері қарсыластар қақпасына екі бірдей шайбаны соғып, алға шықты. Ал үшінші кезеңнің басында есеп айырмасы 3:0-ге дейін жетті. Осыдан кейін Қарағанды қаласының хоккей клубы қорғанысқа көшті. Дегенмен, &laquo;ТХК&raquo;-ның шабуылдарына төтеп бере алмады. Ойынның аяқталуына төрт минуттай қалғанда таразы басы теңесті. Үш минуттың ішінде &laquo;Сарыарқа&raquo; тағы да алға шықты. Бірақ соңғы секундтарда қарсыластар бір шайбаны соғып үлгерді. Есеп - 4:4. Овертаймда &laquo;Сарыарқаның&raquo; хоккейшілері табандылық таныта білді. Дмитрий Громов өз командасын жеңіске жетеледі. Қорытынды есеп - 5:4. Қарағанды қаласының хоккей клубы тағы екі ұпайға ие болып, жалпытурнирлік кестеде 14-ші орынға көтерілді.</p> <p style="text-align: justify;"> Ал Өскемен қаласында өткен &laquo;Қазцинк-Торпедо&raquo; және &laquo;Молот-Прикамье&raquo; арасындағы ойынның нәтижесі овертаймнан асып, булитке дейін жетті. Онда Пермь хоккей клубының жолы болды. Қорытынды есеп - 1:2 (Б). Соған қарамастан, &laquo;Қазцинк-Торпедо&raquo; Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде екінші орнын сақтап қалды. Оның еншісінде 36 ұпай бар.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или