«Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Трактор»

«Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Трактор»
<p style="text-align: justify;"> <strong>Бүгін Астана қаласының &laquo;Барыс&raquo; хоккей клубы өз алаңында Челябинск қаласының &laquo;Трактор&raquo; командасын қабылдайды.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Естереңізге сала кетсек, соңғы чемпионатта екі команда плей-оффқа дейін жетіп, өзара сынға түскен болатын. Ол кезде &laquo;Трактордың&raquo; жолы болды. Жалпы, осы уақытқа дейін олар 17 мәрте кездесті. Соның ішінде &laquo;Трактор&raquo; он рет жеңіске жетсе, &laquo;Барыс&raquo; жеті рет қарсыласынан басым түскен еді. Алайда биылғы чемпионатта Челябі қаласының хоккей клубы бәсең ойнап жүр. 19 матчта ол тоғыз рет жеңіске жетіп, бүгінде жалпытурнирлік кестеде 25 ұпаймен 21-ші орында келеді. Ал &laquo;Барыстың&raquo; еншісінде 46 ұпай бар. Астана қаласының хоккей клубы 20 ойынның тек төртеуінде ғана ұтылып, бүгінде &laquo;Динамо&raquo; (Мәскеу), &laquo;СКА&raquo; (Санкт-Петербор) мен &laquo;Ақ Барстан&raquo; (Татарстан, Қазан) кейінгі төртінші орында орналасты.</p> <p style="text-align: justify;"> Айта кетер жайт, бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны &laquo;KAZsport&raquo; телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетпек.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или