Савченконың «Барыстан» неге кеткені белгілі болды

Савченконың «Барыстан» неге кеткені белгілі болды

Хоккей комментаторы Александр Олейник қорғаушы Роман Савченко астаналық «Барыстан» неге кетіп қалғанын айтты. Бұл туралы shaiba.kz жазды.

– Роман Савченко клуб жаңа келісімшартқа отырмаса, әлем чемпионатында ойнаудан бас тартты. Клуб оған тез жауап қатты, ойыншыдан команда киім ауыстыратын бөлмесінен шығып, өзіне жаңа ұжым іздей беруін сұрады, - деп жазды Олейник твиттерде.

Өткен маусымда 29 жастағы хоккейші ҚХЛ тұрақты чемпионатында 49 матч өткізіп, 11 ұпай жинады. Елордалық клуб сапында 10 маусым өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или