Қазақстан құрамасы Венгрияда өтетін Әлем чемпионатына дайындалуда

Қазақстан құрамасы Венгрияда өтетін Әлем чемпионатына дайындалуда

Хоккейден Қазақстан құрамасы Венгрия елінде өтетін Әлем чемпионатына дайындалуда, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Сәуірдің 12-сі Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Италия еліне аттанады. Онда жерлестеріміз Италия командасымен екі жолдастық матч өткізеді. Артынша, Аустриямен күш сынасады.

Әзірге Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына тізімі белгісіз.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Венгрияның Будапешт қаласында 22-28 сәуір аралығында әлем чемпионатының I дивизионындағы А тобында өнер көрсетеді. Ұлттық құрамамыздың қарсыластары - Ұлыбритания, Польша, Словения, Италия және Венгрия командалары.<span> </span>

Қазақстан құрамасының капитаны болып Максим Семенов тағайындалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или