Асылжан Бақытжанұлының АСВ 86 турниріндегі қарсыласы белгілі болды

Асылжан Бақытжанұлының АСВ 86 турниріндегі қарсыласы белгілі болды

<span>Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асылжан «САҚ» Бақытжанұлы кезекті жекпе-жегін кімге қарсы өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды prosports.kz сайты Qsport.kz-ге сілтеме жасап.</span>

<span>АСВ тұжырымымен үш жекпе-жекке келісімшартқа отырған отандасымыз екінші жекпе-жегін АСВ 86 турнирінде өткізеді. Асылжан бұл додада дағыстандық Муслим Магомедовпен (2-0) жұдырықтасады. 5 мамыр Мәскеу қаласындағы «Олимпиийский» спорт кешенінде өтетін жарыста отандасымыз рейтингте үздік үштікте тұрған спортшылармен кездесу керек болған. Алайда ол спортшылардың барлығы Асылжанмен кездесуден бас тартты. </span>

<span>Айта кетейік, Асылжан Бақытжанұлы АСВ тұжырымындағы соңғы кездесуінде үздік бестікте тұрған Муслим Махмудовты техникалық нокаутпен жеңіп, чемпиондық атаққа бірден-бір үміткер екенін дәлелдеген болатын. Сондай-ақ бұл кеште Арман «Сұңқар» Оспанов Акоп Степанянға қарсы жекпе-жек өткізеді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или