Арман Әшімов әлемдік рейтингте ТОП-60 қатарында

Арман Әшімов әлемдік рейтингте ТОП-60 қатарында

<span>Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімов әлемдік рейтингте үздік 50 спортшының қатарына жақындады, деп хабарлайды Qsport.kz.</span>

<span>M-1 Global тұжырымының уақытша чемпионы Арман Әшімов әлемдік рейтингте үздік 50 спортшының қатарына жақындап, 54-ші орынға жайғасқан. Ал оның M-1 Global тұжырымындағы басты қарсыласы украиналық Александр Доскальчук 66 орында тұр. Әшімов пен Доскальчук 12 мамыр күні Қытайдың  Шеньчжень қаласында өтетін M-1 Challenge 91 турнирінде ең жеңіл салмақтағы толыққанды чемпиондық атақты сарапқа салатын болады.</span>

<span>Айта кетейік, Арман Әшімов  M-1 Global тұжырымының белбеуін иеленген алғашқы қазақ. Отандасымыз әлемнің ең үздік тұжырымдарының қатарына кіретін ұйымда 3 жекпе-жек өткізіп, барлығын нокаутпен аяқтаған болатын. Ал украиналық Доскальчук сегізбұрышта 9 жекпе-жек өткізіп, тек 1 рет қана жеңілген.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или