Хабиб Нурмагомедов енді Эл Яквинтамен кездесетін болды
Нью-Йоркта өтетін UFC 223 турнирі аясында Макс Холлоуэймен жұдырықтасу мүмкіндігінен айырылған Хабиб Нурмагомедовқа жаңа қарсылас табылды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Ресейлік енді 30 жастағы америкалық Эл Яквинтамен кездесетін болды. 5 раундқа жоспарланған жекпе-жек 8 сәуір күні таңертең өтеді. Бірақ, чемпиондық титул үшін тек Нурмагомедов ғана күресе алады. Ал қарсыласы Яквинтада ондай мүмкіндік жоқ.

Айта кетейік, бір апта ішінде Нурмагомедов үш қарсылас ауыстырды. Алдымен Тони Фергюсон жарақат алды. Макс Холлоуэйдің салмағы тура келмеді. Ал Энтони Петтис турнир талабына сәйкес келген жоқ.

Макс Холлоуэймен кездесу өтпейтін болған соң ұйымдастырушылар Нурмагомедов пен Энтони Петтис кездеседі деп ойлаған. Алайда, Энтони соңғы кездесуін үш раундтық форматта өткізгендіктен, оның компаниясы бұл жекпе-жектен бас тартты. UFC 223 турнирінің жалғасты өтуі үшін Хабибке Эл Яквинта қарсылас атанатын болды.