Хабиб Нурмагомедов пен Макс Холлоуэй көз арбасты
<span>Хабиб Нурмагомедов пен Макс Холлоуэй UFC 223 турнирінде өтетін жекпе-жек алдында көз арбасты. </span>
<span>Хабиб Нурмагомедов (25-0) пен Макс Холлоуэй UFC 223 турнирінде жеңіл салмақтағы чемпиондық атақты сарапқа салатын жекпе-жек алдында көз арбасып, баспасөз жиынын өткізді. 7 сәуір күні өтетін бұл додаданың басты жекпе-жегі қос спортшының арасында өтеді. Жартылай жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Макс Холлоуэй соңғы кездесуінде Жозе Альдоны ұтса, Хабиб Нурмагомедов соңғы жекпе-жегінде Эдсон Барбозадан басым түскен болатын.</span>
<span>Айта кетейік, UFC 223 турнирінде жеңіл салмақтағы чемпиондық атақты Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсен сарапқа салу керек болған. Бірақ америкалық спортшы жарақатына байланысты кездесу өткізе алмайтынын айтып, жарыстан шығып қалды.</span>