Диаз: Макгрегор Хабибті қорқытып тастады
Америкалық UFC спортшысы Нейт Диаз өзінің Twitter парақшасында Конор Макгрегордың Хабиб Нурмагомедовтың командасы отырған автобусты шабуылдаған әрекетіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
- Хабиб Лобовты жалғыз өзі болғанда бұзақылар секілді қорқытпауы керек еді. Осыдан кейін ол (Хабиб) өзінің жасаған әрекетіне жауап бермеймін деп ойлаған болу керек. Сол үшін де автобустың ішінен шықпай қойды, хаха, сендерді (Хабибтің командасы) қорқытып тастады. Негізі бұл менің ісім емес. Мен ағаммен өз уақытында Хабиб пен оның командасының сазайын тарттырғанбыз, - деп жазды Нейт Диаз Твиттердегі парақшасында.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Нью-Йорк полициясы Конор Макгрегорға қатысты тергеу әркеттерін жүргізіп жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или