«Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы «Ижстальды» жеңді

«Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы «Ижстальды» жеңді
<p style="text-align: justify;"> <strong>Өскемен қаласының &laquo;Қазцинк-Торпедо&raquo; хоккей клубы өз алаңында &laquo;Ижсталь&raquo; (Ресей, Ижевск) командасынан басым түсті.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Матчтың алғашқы шайбасын &laquo;Қазцинк-Торпедоның&raquo; хоккейшілері салды. Екінші кезеңде есеп өзгерген жоқ. Ал үшінші кезеңде &laquo;Ижсталь&raquo; таразы басын теңестірді. Осыдан кейін ойын қосымша уақытқа, яғни овертаймға ұласты. Онда Өскемен қаласының хоккей клубы табандылық танытып, екінші шайбасын соғып кетті. Қорытынды есеп - 2:1.</p> <p style="text-align: justify;"> Айта кетейік, осы ойында &laquo;Қазцинк-Торпедо&raquo; екі ұпайды олжалады. Бүгінде команданың еншісінде барлығы 35 ұпай бар. Ол жалпы турнирлік кестеде тек &laquo;Торосқа&raquo; (36 ұпай) ғана жол беріп отыр.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или