«Сарыарқа» хоккей клубы «Титаннан» сүрінді

«Сарыарқа» хоккей клубы «Титаннан» сүрінді
<p style="text-align: justify;"> <strong>Жоғары хоккей лигасының кезекті ойындары аясында Қарағанды қаласының &laquo;Сарыарқа&raquo; хоккей клубы сырт алаңда &laquo;Титан&raquo; (Ресей, Клин) командасына жол беріп қойды.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Ойынның бірінші кезеңінде есеп ашылған жоқ. Ал екінші кезеңнің алғашқы минуттарында қарсыластар &laquo;Сарыарқаның&raquo; қақпашысын қапы қалдырып, алға шықты. Есеп - 1:0. Дегенмен, матчтың аяқталуына төрт минуттай қалғанда, Қарағанды қаласының хоккей клубы таразы басын теңестірді. Осылайша, ойын овертаймға ауысты. Алайда онда да жеңімпаз анықталмады. Буллит сериясында қарсыластардың жолы болды. Қорытынды есеп 2:1 (Б).</p> <p style="text-align: justify;"> Бұл ойында &laquo;Сарыарқа&raquo; ұтылса да, овертаймға жеткені үшін бір ұпайға ие болды. Қазір команданың еншісінде барлығы 21 ұпай бар. Ол жалпы турнирлік кестеде 16-шы орнын сақтап қалды.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или