«Хабибке кедергі келтірме» деп талай рет айттық - Тухугов
Ресейлік UFC файтер Зубайра Тухугов Хабиб Нурмагомедов пен Артем Лобов арасындағы дау-дамай туралы және қазақстандық Ислам Бадургов туралы айтып берді.
Еске салайын, Файтерлер Нью-Йорктағы қонақүйде ұстасып қалған видео ғаламторда тез таралып кетті.
Танымал қазақстандық воркаутер Ислам Бадургов та теке-тіреске қатысқан.
Тухугов кешегі оқиғадан кейін Instagram желісінде пост жазып болған жағдайды баяндады.
«Салам Алайкум, шешендермен мәселені өзім шешем. Талай рет айттық! Хабибке кедергі келтірме, Лобовпен жеке әңгімесі бар деп. Хабиб оны желкесінен алып итеріп жіберді, болды. Оның ұлты шешен екенін ешқайсымыз білмедік. Артынан кейін Ислам деген шешен жігітпен қол алысып мәселені жауып тастадық», - деді Тухугов.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или