Қазақстандық шабуылшы Әлем чемпионатында үздік сұрмергендер қатарында тұр
Рига қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына қатысып жатқан Қазақстан құрамасының шабуылшысы чемпионаттың сұрмергендер тізімінде үздік үштікке енді.

Бірінші дивизиондағы «А» тобында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан хоккейшілері алғашқы ойында Норвегия бозбалаларын 5:2 есебімен жеңген болатын.

Осы матчта қазақстандық шабуылшы Андрей Буяльский «гол+пас» жүйесі бойынша 3 ұпай (2 шайба және бір пас) жинады. Әрі дәл осындай нәтиже көрсеткен словениялық Мартин Бонинч пен неміс Луиз Шинкомен бірге чемпионаттың үздік сұрмергендер көшін бастап тұр.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан жасөспірімдері 5 сәуір күні даниялық құрдастарымен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или