«Барыс» хоккей клубы «Амурдан» басым түсті

«Барыс» хоккей клубы «Амурдан» басым түсті
<p style="text-align: justify;"> <strong>Құрлықтық хоккей лигасы аясында &laquo;Барыс&raquo; сырт алаңда &laquo;Амур&raquo; (Хабаровск) командасынан басым түсті.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Бұл матчта &laquo;Барыс&raquo; есепті бірінші болып ашты. Николай Антропов биылғы чемпионатта өзінің алғашқы шайбасын салып, команданы алға шығарды. Есеп - 1:0. Осыдан кейін &laquo;Амур&raquo; таразы басын теңестіріп қана қоймай, екінші кезеңде есеп айырмасын 1:3-ке дейін жеткізді. Алайда үшінші кезеңде &laquo;Барыс&raquo; өз шабуылдарын үдетіп, шайбаларды қарша боратты. Брэндон Боченски таразы басын бір шайбаға қысқартса, Талғат Жайлауов есепті теңестірді. Ал үш минут өтпей, Николай Антропов екінші шайбасын салып, дубльдың авторы атанды. Қорытынды есеп - 4:3.</p> <p style="text-align: justify;"> Осы ойыннан кейін &laquo;Барыс&raquo; тағы үш ұпайға қол жеткізіп, 46 ұпаймен жалпы турнирлік кестенің бірінші орнына шықты.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или