Қуат Хамитов Жалғас Жұмағұловты жеңісімен құттықтады

Қуат Хамитов Жалғас Жұмағұловты жеңісімен құттықтады

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қуат «Найман» Хамитов Fight Nights Global 86 турнирінде жеңіске жеткен Жалғас Жұмағұловты құттықтады, деп жазады Prosports.kz 

<span> «Жако, бауырым, сені шын жүректен жеңісіңмен құттықтаймын! Қарсыласының фаворит болып, жеңіске деген мүмкіндігің аз жекпе-жекте ұту керек! Бұл жігіт осымен екінші рет таңғалдырды! Арыстан!</span><span>» — деп жазды Хамитов Instagram желісінде.</span>

Айта кетейік, Алматыда өткен Fight Nights Global 86 турнирінде Жалғас Жұмағұлов америкалық Тайсон Нэммен кездескен.

Жалғас алғашқы үш раундта қарсыласынан басым көрінді. Қазақстандық спортшы сәт сайын қысым жасаумен болды.

Бес раундтың қорытындысы бойынша Жалғас Жұмағұлов сенімді жеңіске жетті. Осылайша, Жалғас енді келесі кездесуінде-ақ титулды жекпе-жекке шығуы ықтимал.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или