Жалғас Жұмағұлов: Мақсатым ба? Анама үй салып бергім келеді

Жалғас Жұмағұлов: Мақсатым ба? Анама үй салып бергім келеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы Жалғас Жұмағұлов Fight Nights Global 86 турнирінде америкалық Тайсон Нэмді жеңген соң өз әсерімен бөлісті.

«Менің басым берік деп бекер айтпайды (Нэмнің соққылары жайында – Авт.). Осы жекпе-жекке талмай еңбектендім, себебі Тайсонның мықты спортшы екенін білдім. Менің мақсатым ба? Өз анама үй салып бергім келеді. Командама, бапкеріме, жанкүйерлерге қолдаулары үшін алғыс айтамын», - деді Жалғас.

Айта кетейік, Жұмағұлов Нэмді төрешілер шешімімен ұтқан болатын. Енді ол титулды жекпе-жекке шығуы ықтимал.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или