Қысқы Қазақстан чемпионаты: Балға лақтырудан Нүсіпбекова жеңіске жетті
30 наурыз күні Шымкентте өткен қысқы Қазақстан чемпионатының алғашқы күнінде 22 жастағы Диана Нүсіпбекова балға лақтырудан жеңіске жетті, деп хабарлайды жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.
Үш жас категориясы бойынша 9 спортшы өзара сайысқа түсті. Әйелдер арасындағы сайыста Алматы қаласының намысын қорғаған Диана 56.19 метрмен бірінші орын алды. Басты бәсекелесі Екатерина Нестровадан 7 метрге озып кетті.
Айта кетейік, Нүсіпбекова биыл Кишиневте танымал балға лақтырушы Сослан Маргиевтен тәлім алған болатын. Шымкентте алғашқы мүмкіндігінде 56.19 метрге лақтырған соң, әріқарай аса қатты тырыса қоймады.
Қысқы Қазақстан чемпионаты. Шымкент, 30 наурыз. Балға лақтыру. Әйелдер:
1. Диана Нүсіпбекова (Алматы) – 56,19 м
2. Екатерина Нестерова (Қарағанды обл.) – 49,42 м
3. Татьяна Романова (ШҚО) – 39,82 м
20 жасқа дейінгі бойжеткендер:
1. Юлия Попкова (СҚО) – 34,59 м
2. Наталья Богданова (СҚО) – 32,58 м
3. Анастасия Камышова (Қарағанды обл.) – 27,73 м
18 жасқа дейінгі бойжеткендер, 3 келілік балға:
1. Анастасия Калошина (ШҚО) – 53,14 м
2. Светлана Ионова (Қарағанды обл.) – 32,24 м