Fight Nights Global 86 турнирінің салмақ өлшеу рәсімі өтеді
Наурыздың 31-і күні сағат 17.00-де, М. Горький атындағы саябағында аралас жекпе-жектен Fight Nights Global 86 халықаралық турнирінің қатысушыларының салмақ өлшеу рәсімі өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
Еске сала кетсек, сәуірдін 1-і күні Almaty Arena спорт кешенінде аралас жекпе-жектен Fight Nights Global 86 турнирінің жалауы желбірейді. Осы кештін ең басты жекпе-жегі 56.7 келі салмақта FN GLOBAL чемпиондық белбеуінің экс-үміткері Жалғас «Жако» Жұмағұлов пен 2017 жылғы басты сенсацияның авторы Тайсон Нэм арасында өтеді.
Бұл кеште жалпы саны 13 кездесу өткізіледі, оның төртеуі ADCC ережелеріне сәйкес болады.
Файткард
56.7 кг Жалғас (Жако) Жұмағұлов - Тайсон Нэм (АҚШ)
61.2 кг Никита Балтабаев (Қазақстан) - Жұман Жұмабеков (Қазақстан)
61.2 кг Никита Михайлов (Ресей) – Сәбит Жүсіпов (Қазақстан)
65.8 кг Мұратбек Қасымбай (Қазақстан) - Ренат Ондар (Ресей)
65.8 кг Артур Магомедов (Ресей) - Руслан Серікпулов (Қазақстан)
65.8 кг Николай Цыганков (Ресей) - Жасұлан Әкімжанов (Қазақстан)
65.9 кг Ержан Естанов ( Қазақстан) - Расул Мирзаев (Ресей)
65.9 кг Юсуп Саадулаев (Ресей) - Хабибула Мансур (Қазақстан)
65.9 кг Нартай Қажеков (Қазақстан) - Расул Тезікбаев (Ресей)
70.3 кг Нариман Аббасов (Әзірбайжан) – Әділ Боранбаев (Қазақстан)
83.9 кг Георгий Лобжанидзе (Грузия) - Даурен Ермеков (Қазақстан)
98.9 кг Бекир Бариев (Қазақстан) - Арсен Шапиев (Ресей)