Мейвезер аралас жекпе-жекке дайындалып жатқанын растады

Мейвезер аралас жекпе-жекке дайындалып жатқанын растады

Бокста бес салмақ дәрежесі бойынша экс-чемпион Флойд Мейвезер аралас жекпе-жектегі дебютке дайындалып жатқанын растады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Мен Майамиде ММА-дағы дебютіме дайындалып жатырмын. Барынша төзімді болуға тырысып бағудамын. Жыл соңына дейін торда күресуге дайын боламын деп ойлаймын. Мен әзірдің өзінде ММА жұлдызымын. Менен кейінгі орында Конор Макгрегор тұр. Жартылай жеңіл салмақта күресуді жоспарлап отырғандықтан, екеуіміз кездесеміз деп ойламаймын», - дейді спортшы.

Естеріңізге сала кетсек, Флойд Мейвезер Тайрон Вудлимен жаттығып жатыр. Сондай-ақ, америкалық боксшы ММА-ға шығу үшін лицензия алуға сұраным жібереді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или