«Барыс» сырт алаңда «Адмиралды» жеңді

Елордалық «Барыс» ХК биылғы маусымдағы 18-і матчын Құрлықтық хоккей лигасына жаңадан қосылған «Адмирал» командасымен өткізді.

Владивосток қаласына жету үшін жерлестеріміз ұзақ сапар шекті. Десек те Ари-Пекки Селин ойыншылары жылдам ес жиып ойынға ширақ қосылды. Жетінші минутта Дмитрий Уппер Юаким Лундстем қақпасына бірінші голды соқы - 1:0.

Игорь Бортников салған шайбаның арқасында «Адмирал» есепті теңестірген, алайда басымдықты сақтай алмады. 31-і минутта Михаил Паньшин «Барысты» қайтадан алға шығарса, Уппер дәл соққымен матчты қорытындылады. Биыл 15 мәрте жеңіске жеткен «Барыс» ұпай саны бойынша көш бастап келеді.

«Адмирал» (Владивосток) – «Барыс» (Астана) 1:3 (0:1, 1:1, 0:1)

0:1 - Уппер (Пушкарев, Руденко) - 06:54

1:1 - Бортников (Другов) - 23:03

1:2 - Паньшин (Рахманов) - 30:48

1:3 - Уппер (Пушкарев, Руденко) - 48:36

Қақпашылар: Лундстрем – Ахонен

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или