Испанияда жартылай марафоннан Әлем чемпионаты аяқталды
24 наурыз күні Испанияның Валенсия қаласында жартылай марафоннан Әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.
Осымен 23-ші рет ұйымдастырылған Әлем чемпионатына жалпы саны 279 кәсіби атлет қатысты (157 ер, 122 әйел спортшы). Сондай-ақ олармен бірге 15 мыңға жуық әуесқой марафоншылар жүгірді.
Әлем чемпионатында әйелдер арасында рекорд та тіркелді. 22 жастағы Эфиопия атлеті Нетсанет Гудете Кебеде 21 шақырымды 1:06.11 сағатта кесіп өтті. Сөйтіп, ол осыдан 11 жыл бұрынғы тегі кениялық Голландия спортшысы Лорна Киплагаттың (1:06.25 сағ) рекордын жаңартты.
Екінші орын Кения спортшысы Джойселин Джепкосгейге бұйырды (1:04.51 сағ). Ол чемпионнан 43 секундқа қалып қойды. Үштікті тағы бір кениялық Паулина Камулу (+0,45 сек) түйіндеді.
Қазақстан атынан қатысқан Жанна Мамажанова мен Дана Айдосова мәреге 106 және 107-ші болып келді. Жеңімпаздан екеуі 16 минутқа қалып қойды. Ал Елена Наназиашвили жарыстан шығып қалды.
Жартылай марафоннан Әлем чемпионаты (21 шақырым 097,5 м). Испания, Валенсия. Әйелдер, жекелей жарыс:
1. Нетсанет Гудета Кебеде (Эфиопия) – 1:06.11 сағ – WR
2. Джойселин Джепкосгей (Кения) – 1:06.54 сағ
3. Паулина Камулу (Кения) – 1:06.56 сағ
106. Жанна Мамажанова (Қазақстан) – 1:22.35 сағ
107. Дана Айдосова (Қазақстан) – 1:22.43 сағ
Елена Наназиашвили (Қазақстан) – DNF
Командалық жарыс:
1. Эфиопия – 3:22.27 сағ
2. Кения – 3:23.02 сағ
3. Бахрейн – 3:23.39 сағ
Ерлерден 25 жастағы кениялық Джеффри Камворор хет-трик жасады. Бұған дейін 2014 және 2016 жылдары да бірінші орынды ешкімге бермеген Камворор осымен үшінші рет әлем чемпионы атанды. Уақыт көрсеткіші –1:00.02 сағат. Күміс медальға ие болған Абрахам Черобен (Бахрейн) чемпионға 20 секундқа ұтылып қалды. Үшінші болып, мәреге Айрон Кифле (Эритрея) жетті.
Қазақстан спортшыларынан ең жоғары нәтиже көрсеткен Михаил Красилов аталған қашықтықты 1:06.49 сағатта жүгіріп өтіп, 109-шы болып келді. Ал қалған атлеттердің нәтижесі төмендегідей:
Жартылай марафоннан Әлем чемпионаты (21 шақырым 097,5 м). Испания, Валенсия. Ерлер, жекелей жарыс:
1. Джеффри Камворор (Кения) – 1:00.02 сағ
2. Абрахам Черобен (Бахрейн) – 1:00.22 сағ
3. Айрон Кифле (Эритрея) – 1:00.31 сағ
109. Михаил Красилов (Қазақстан) – 1:06.49 сағ
125. Андрей Лейменов (Қазақстан) – 1:09.31 сағ
129. Алексей Гусаров (Қазақстан) – 1:09.49 сағ
133. Әмір Байтоқанов (Қазақстан) – 1:11.04 сағ
142. Артем Косинов (Қазақстан) – 1:15.26 сағ
Командалық жарыс:
1. Эфиопия – 3:02.14 сағ
2. Кения – 3:02.40 сағ
3. Бахрейн – 3:02.52 сағ
22. Қазақстан – 3:26.09 сағ