Желіде «Канелоның» дәрі ішіп жатқан сәті түсірілген видео пайда болды

Желіде «Канелоның» дәрі ішіп жатқан сәті түсірілген видео пайда болды

Instagram желісінде қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) қарсыласы мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) әлдебір дәріні ішіп жатқаны түсірілген видео жарияланды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бұл оқиға Головкин мен Альварестің қыркүйек айында өткен кездесуі алдындағы салмақ өлшеу сәтінде орын алған. Видеода «Канелоның» белгісіз дәріні жұтып, артынан су ішкен сәті көрсетілген.

Естеріңізде болса, Головкин 16 қыркүйек күні өткен алғашқы жекпе-жекте қарсыласы Сауль Альварес допинг қабылдады деп айтыптаған еді. Ол «Канелоның» бұлшық еттерінде ине салған белгілер бар екенін ескерткен. Әрі салмақ өлшеу алдында қарсыласының дәрі ішкенін де байқап қалғанын айтқан.

Айта кетейік, мексикалық боксшының ақпанның 17-ші және 20-шы күндері допингке қарсы тапсырған сынамаларынан кленбутерол табылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или