Бокс

Головкин Альваресті бірінші жекпе-жекте допинг қолданды деп айыптады

Головкин Альваресті бірінші жекпе-жекте допинг қолданды деп айыптады
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақты WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин 16 қыркүйек күні өткен алғашқы жекпе-жекте қарсыласы Сауль Альварес допинг қабылдады деп айтып отыр. Бұл туралы Prosports.kz сайты жазады.

- Денесіндегі бұлшық еттеріне ине салғанын байқауға болады. Суретті қарап, дәрігерден сұрап көріңіз, - деді Головкин Los Angeles Times басылымына берген сұқбатында.

Айта кетейік, мексикалық боксшы 17-ші және 20-шы ақпан күндері допингке тапсырған сынамаларынан кленбутерол табылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер