Бүгін жартылай марафоннан Әлем чемпионаты өтеді

Бүгін жартылай марафоннан Әлем чемпионаты өтеді

Бүгін Испанияның Валенсия қаласында жартылай марафоннан Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы (IAAF) өзінің ресми сайтында осымен 23-ші рет ұйымдастырылып отырған Әлем чемпионатының қатысатындардың тізімін жариялады. Валенсияда Қазақстан намысын 9 атлет қорғайды.

Жалпы тізімде 315 атлет бар ( 176 ер, 139 әйел). Олар 87 мемлекеттің атынан қатысады. Кеше Валенсияда ұйымдастыру комитетінің техникалық отырысы өтті.

Бұған дейінгі Әлем чемпионаттарында 300-ден астам кәсіби марафоншы қатысып көрмеген. 1993 жылы Брюссельде 254 желаяқ жүгіргені белгілі. Оның үстіне Бельгияда 35-і жастар арасында сынға түскен. Валенсия жерінде мықтылар жекелей және командалық сайыс бойынша сынға түседі.

Қазақстан атынан кезекті Әлем чемпионатында Әмір Байтоқанов, Алексей Гусаров, Артем Косинов, Михаил Красилов, Андрей Лейменов, Дана Айдосова, Жанна Мамажанова, Елена Наназиашвили, Гүлжанат Жанатбек өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или