«Найман» Алматыдағы Fight Nights Global 86 турниріне қатыспайды

«Найман» Алматыдағы Fight Nights Global 86 турниріне қатыспайды

Сәуірдің 1-і күні Almaty Arena спорт кешенінде өтетін Fight Nights Global 86 турниріне Қуат Хамитов қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

— Қуат Хамитов рейтингтегі көшбасшылардың бірі. Ол Нариман Аббасовпен жұдырықтасуы қажет болған. Алайда жарақатына байланысты жекпе-жек өтпейтін болды. Жарақаты қаншалықты ауыр екенін білмеймін. Енді Қуаттың орнына Әділ Боранбаев сегізбұрышқа шығады. Бұл кештің басты жекпе-жектерінің бірі болады, — деді Fight Nights Global ұйымының басшысы Камил Гаджиев. 

Бұл жарыстың басты жекпе-жектерінің бірі 56.7  келі салмақта FN GLOBAL чемпиондық белбеуінің үміткері Жалғас «Жако» Жұмағұлов 2017 жылғы басты сенсацияның авторы Тайсон Нэммен кездеседі.

Сонымен қатар, бұл кештің көрермендеріне өз өнерлерін қазақстандық танымал джитсерлар да көрсететін болады. Олардың кездесулері джиу-джитсу және грепплинг ережелеріне сәйкес өтеді. Сонымен, әйгілі қазақстандық ММА жұлдызы Ержан «Арлан» Естанов пен  Расул «Қара жолбарыс» Мирзаев  арасындағы белдесу  65.9 салмақта өтеді. Алматылық  спортшыға бұл кездесуде ресейліктен екі жеңіліс үшін есесін қайтаруға керемет мүмкіндік туып отыр.

Сондай-ақ, спорт сүйер қауым джитсерлардың арасында тағы бір қызықты жекпе-жектің куәгері болады. Ол Османжан Қасымов пен Бенсон Хендерсон (-76.9 кг), Хабибулла Мансур мен Юсуф Саадулаев (- 65.9 кг), Нартай Кажеков пен Расулбек Тезекбаев (- 65.9 кг), және Бекир Бариев пен Арсен Шапиевте (- 98.9 кг) бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или