Камил Гаджиев: Қазақстанда барлығы спортты жақсы көреді
Сәуірдін 1-і күні Almaty Arena спорт кешенінде аралас жекпе-жектен Fight Nights Global 86 турнирінің жалауы желбірейді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
Бүгін Almaty Arena спорт кешенінің баспасөз орталығында жарыстың дайындығы туралы БАҚ өкілдеріне FN GLOBAL президенті Камил Гаджиев, компанияның продюсері Сангаджи Тарабаев, қазақстандық бразилиялық джиу-джитсу және грепплинг федерациясының президенті Төлеген Құмаров айтып берді. Сондай-ақ олар, осы кештін ең басты жекпе-жегі 56.7 келі салмақта FN GLOBAL чемпиондық белбеуінің экс-үміткері Жалғас «Жако» Жұмағұлов пен 2017 жылғы басты сенсацияның авторы Тайсон Нэм туралы өз ойларын білдірді.
- Қазақстанға біз әрқашанда жақсы әсермен келеміз. Бүгін ауа райы бізді қуантуда, 1-ші сәуір күні тек далада емес, аренада да өте ыстық болады, - дейді FN GLOBAL президенті Камил Гаджиев. - Қазақстанда барлығы спортты жақсы көреді және сыйлайды. Біз осы кеште көптеген көрермендер болады деп үміттенеміз. Ал, осы кештін басты кездесуіне келетін болсақ, мен Тайсон Нэм жеңеді деп ойлаймын, - деді ол.
Ал қазақстандық бразилиялық джиу-джитсу және грепплинг федерациясының президенті Төлеген Құмаров, Kazakhstan Top Team клубының мүшесі Ержан Естанов пен FN GLOBAL компаниясының продюсері Сангаджи Тарбаев турнирдің басты жекпе-жегі Жалғас Жұмағұловтың жеңісімен аяқталатынына сенім білдірді.
Негізі, Жалғастың қарсыласы өз деңгейіне сай әрі ұйымның рейтингісіне байланысты тандалған. Ол жекпе-жек әрі қарай алдағы уақытта чемпионадық кездесулер өткізуге ықпал жасайды.
Сонымен қатар, журналистердің сұрақтарына Ержан Естанов пен Расул Мирзаев жауап беріп, өздерінің дайын екендерін сөзге тиек етті. Ол екі жұп осымен сәуірдің 1-і күні өз мансаптарында үшінші рет кездесіп, осы жолы джиу-джитсу ережесі бойынша сынға түспек.
Айта кетер жайт, бұл кеште жалпы саны 13 кездесу өткізіледі деп жоспарлануда. Оның бесеуі джиу-джитсу және грепплинг ерержесіне сәйкес болмақ. Бұл іс-шара Kazakhstan Top Team клубының бразилиялық джиу-джитсу және грепплингтан Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы академиясында Ержан Естанов, Расул Мирзаев және ұйымдастырушылардың қатысуымен спортшыларға арналған шеберлік сабағымен аяқталды.