Fight Nights Global 86 турнирінде тағы бір отандасымыз өнер көрсетеді
<span>Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әділ Боранбаев Fight Nights Global 86 турнирінде жұдырықтасады, деп хабарлайды Qsport.kz сайты.</span>
<span>Алматы қаласында өтетін Fight Nights Global 86 турнирінде Әділ Боранбаев та сынға түсетін болды. Fight Nights тұжырымында жұдырықтасатын отандасымыздың қарсыласы - әзірбайжандық Нариман Аббасов(17-3). 70 келі салмақта сынға түсетін Әділ сегізбұрышта 10 жекпе-жек өткізіп, 7 кездесуінде жеңіске жеткен. </span>
<span>Айта кетейік, Fights Nights Global 86 додасы 1 сәуір күні, Алматы Арена спорт кешенінде өтеді. Бұл кештің басты жекпе-жегі Жалғас Жұмағұлов пен Найсон Нэм арасында болады. Сондай-ақ бұл турнирде Ержан Естанов пен Расул Мирзаев бразилиялық джиу-джитсу бойынша жекпе-жек өткізетін болады.</span>