Естанов пен Мирзаев жекпе-жегінің промо-ролигі жарияланды

Естанов пен Мирзаев жекпе-жегінің промо-ролигі жарияланды

1 сәуір Алматы қаласында Әлемдік ММА жұлдыздарының қатысуымен аралас жекпе-жектен Fight Nights Global 86 турнирі өтеді.

Бұл жарыстың басты жекпе-жегі 56.7 келі салмақта FN GLOBAL чемпиондық белбеуінің экс-үміткері Жалғас «Жако» Жұмағұлов пен 2017 жылғы басты сенсацияның авторы Тайсон Нэм арасында өтетін болады.

Сондай-ақ бұл турнирде Ержан Естанов пен Расул Мирзаев бразилиялық джиу-джитсу (BJJ) ережесі бойынша жекпе-жек өткізетін болады.

Осылайша, әйгілі қазақстандық ММА жұлдызы Ержан «Арлан» Естановқа ресейлік Расул «Қара жолбарыс» Мирзаевтан осының алдындағы екі жеңілісі үшін есе қайтаруға мүмкіндік туып отыр. Бұл жекпе-жек 65.9 келі салмақ дәрежесінде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или