Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде командалық есепте көш бастады

Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде командалық есепте көш бастады

Польша елінде халықаралық Феликс Штамм-2018 турнирі аяқталды. Аталған турнирде Қазақстан боксшылары төрт алтын, екі күміс, бір қола медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын алды.

Қазақстан құрамасы сапынан Ілияс Сүлейменов (56 келіге дейін), Бекдәулет Ибрагимов (64), Асланбек Шымбергенов (69), Антон Пинчук (91) төртеуі алтын медаль алды.

Ал Абай Төлеш (75 ) пен команда капитаны Әділбек Ниязымбетов (81) күміс алса, Айболды Дәуренұлы (91 келі) қолаға қол жеткізді.

Бірақ, отандастарымыз командалық есепте жеке-дара көш бастай алған жоқ. Ресейлік боксшылар да дәл осындай медаль жеңіп алып, Қазақстан құрамасымен бір сатыға жайғасты.

Ресейліктерден алтынды Батор Сагалуев (49), Глеб Бакши (75), Георгий Кушиташвили (81) және Магомед Омаровтар (+91) алды. Ал күміс медалді Артур Субханкулов (60 ) пен Сергей Собылинский (69) иеленді. Қоланы Василий Егоров (52) жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или