Бокс

Польшада төрт боксшымыз алтын алды

Польшада төрт боксшымыз алтын алды
news-banner7
mobile-news-top

Польша елінде өткен Феликс Штамм-2018 халықаралық турнирінде төрт қазақстандық боксшы алтын медаль алды.

Атап айтар болсақ, Ілияс Сүлейменов (56 келіге дейін), Бекдәулет Ибрагимов (64), Асланбек Шымбергенов (69), Антон Пинчук (91) қатарлы боксшыларымыз қарсыластарының бәрін жеңіп, турнирде алтыннан алқа тақты.

Ал финалда бақ сынаған басқа екі боксшымыздың жолы болмады. Абай Төлеш (75 ) пен команда капитаны Әділбек Ниязымбетов (81) күміс жүлдені қанағат тұтты.

Бұлардан бөлек, Айболды Дәуренұлы (91 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.

Сөйтіп, аталған турнирге қатысқан он қазақстандық боксшының жетеуіне медаль бұйырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер