Әлем кубогында спринт сайысында Еремин 22-ші болды
Норвегияның Холменколлен қаласында биатлоннан Әлем кубогының сегінші кезеңінде ерлер арасындағы спринт сайысы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыстың қорытындысы бойынша жеңіс норвегиялық Хенрик Л’Абе-Лундке бұйырды. Екінші орынды оның отандасы Йоханнес Бе иеленді. Үздік үштікті франциялық Мартен Фуркад қорытындылады.
Қазақстандықтар арасында үздік нәтижені Роман Еремин көрсетті - 22-ші орын. Владислав Витенко, Василий Подкорытов пен Максим Браун үшін спринт сәтсіз аяқталды.
Биатлоннан әлем кубогының VIII кезеңі, Холменколлен, Норвегия
Ерлер, спринт, 10 шақырым
1. Хенрик Л’Абе-Лунд (Норвегия) – 26:10.3
2. Йоханнес Бё (Норвегия) - +6.1
3. Мартен Фуркад (Франция) - +6.9
… 22. Роман Еремин (Қазақстан) - +1:08.1
81. Владислав Витенко (Қазақстан) - +2:52.7
98. Василий Подкорытов (Қазақстан) - +5:04.4
100. Максим Браун (Қазақстан) – +5:46.2