Қазақстандық спортшылар Wеf Global 11 турнирінде сынға түседі
<span>Қазақстандық ережесіз жекпе-жек майталмандары Wef Global 11 турнирінде жұдырықтасады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.</span>
<span>Қырғызстанның астанасы Бішкекте ережесіз жекпе-жектен өтетін Wef Global 11 турнирінде қазақстандық ережесіз жекпе-жек майталмандары кезекті кездесулерін өткізеді. Турнирдің басты жекпе-жегінде отандасымыз Сағындық Мұқанов (1-0) жергілікті спортшы Алтынбек Мамашевқа (10-0-1) қарсы кездесу өткізеді. Сондай-ақ, Мұрат Бақторазов (0-2-2) пен Ринат Саякбаев (7-1-1), Николай Ибрагимов пен Жыргалбек Чомонов, Рустам Сайдуллаев пен (5-2) Рыскулбек Ибраимов (3-5), және Алишер Амонов қырғызстандық Нургазы Балтабаевқа қарсы жекпе-жек өткізеді.</span>
<span>Айта кетейік, Wef Global тұжырымы Қырғызстандағы ең үздік тұжырымдардың бірі болып саналады. </span>