Қысқы

Ямайкалық бобслейші допингпен ұсталды

news-banner7
mobile-news-top

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласындағы Олимпиада ойындарына қатысқан ямайкалық бобслейшінің қан құрамынан тыйым салынған кленбутерол анықталды.

Бұл туралы RJR News жазған. Дегенмен басылым спортышының есімін көрсетпеген.

Белгілісі, допингтік сынама қаңтардың ортасында Швейцарияда алынған. Ямайканың бобслей федерациясы В сынамасын ашу туралы өтініш жасаған.

ОО-2018-ге Ямайкадан екі бобслейші – Джазмин Фенлатор-Викториан және Керри Рассел қатысып, 18-орыннан көрінген болатын.

Кленбутерол әдетте бронхит және демікпеге қарсы қолданылады. Сонымен қатар артық салмақтан арылтатын қасиеті бар көрінеді.

Естеріңізде болса, 2017 жылдың қаңтарында Усэйн Болт 2008 жылғы Олимпиада ойындарының алтын медалін қайтарып берген. Себебі, 400 метрге жүгіруден эстафеталық сында оның командалас әріптесі Неста Картердің допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткен.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер