Қазақстандық джитсерлар Алматыдағы Fight Nights Global 86 турниріне қатысады

Сәуірдің 1-і күні, Алматыда Almaty Arena спорт кешенінде Fight Nights Global компаниясы ММА әлемдік жұлдыздардың қатысуымен жоғарғы деңгейдегі турнир ұйымдастырады, ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
Бұл жарыстың басты жекпе-жектерінің бірі 56.7 келі салмақта FN GLOBAL чемпиондық белбеуінің экс-үміткері Жалғас «Жако» Жұмағұлов 2017 жылғы басты сенсацияның авторы Тайсон Нэммен кездеседі.
Сонымен қатар, бұл кештің көрермендеріне өз өнерлерін қазақстандық танымал джитсерлар да көрсететін болады. Олардың кездесулері джиу-джитсу және грепплинг ережелеріне сәйкес өтеді. Сонымен, әйгілі қазақстандық ММА жұлдызы Ержан «Арлан» Естанов пен Расул «Қара жолбарыс» Мирзаев арасындағы белдесу 65.9 салмақта өтеді. Алматылық спортшыға бұл кездесуде ресейліктен екі жеңіліс үшін есесін қайтаруға керемет мүмкіндік туып отыр.
- Бұл кездесуден мен тек жеңіс күтемін. Қазір дайынығым жақсы, осы жолы не болатынын көреміз. Кімнің дайындығы мықты болса, сол жеңіске қол жеткізетіні белгілі, бақ шаба ма, бап шаба ма оны көре жатармыз. Қарсыласым екеумізде джиу-джитсудан күлгін түсті белбеуміз, дәрежеміз бір. Өзім жеңіске жетемін деп сенемін, - деп өз ойымен Ержан Естанов бөлісті
Сондай-ақ, спорт сүйер қауым джитсерлардың арасында тағы бір қызықты жекпе-жектің куәгері болады. Ол Османжан Қасымов пен Бенсон Хендерсон (-76.9 кг), Хабибулла Мансур мен Юсуф Саадулаев (- 65.9 кг), Нартай Кажеков пен Расулбек Тезекбаев (- 65.9 кг), және Бекир Бариев пен Арсен Шапиевте (- 98.9 кг) бар.
- Менің дайындығым өзімнің бапкерім Адам Фокспен бірге КТТ залында өтіп жатыр. Осындай маңызды кездесудін алдында барлық күш жігерімді салып жаттығудамын. Қолымыздан келгенше жеңуге тырысамыз. Қарсыласым өте танымал, UFC-дың чемпионы. Грепплингтан өзін жақсы жағынан көрсете білді, әрине, қиын болады, – деді Османжан Қасымов.
Бұл тартысты жекпе-жектермен қатар, Fight Nights Global 86 бағдарламасы аясында Қуат Хамитов, Жұман Жұмабеков, Сәбит Жүсіпов және тағы да басқа беделді балуандарының қатысуымен өтетінқызықты белдесулер ММА әуесқойларын бейжай қалдырмас.