«Сарыарқа» плей-офф кезеңінде «Металлургді» үшінші рет жеңді
Жоғары хоккей лигасының (ВХЛ) негізгі кезеңін төртінші орынмен аяқтаған «Сарыарқа» хоккей командасы плей-офф сатысындағы төртінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Қарағандылықтардың қарсыласы топтық кезеңде 13-ші орын алған «Металлург» командасы болатын.

Алғашқы үш кездесуде екі рет жеңіп, бір рет жеңілген «Сарыарқа» бүгін Новокузнецк қаласына қонаққа барып, 2:5 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп жалпы есепті 3:1 ге жеткізді.

Қос команда арасындағы келесу кездесу 3 наурыз күні Қарағанды қаласында өтеді.
«Металлург» — «Сарыарқа» 2:5 (1:1, 0:0, 1:4)
Жалпы есеп: 1:3
Шайба соққандар:
1:0 — 06:59 Коростин (Мусин)
1:1 — 15:26 Ковалёв (Поляков, Ердаков)
1:2 — 49:05 Ердаков (Желнеровский)
1:3 — 52:43 Тополь (Зиазов, Альшевский)
1:4 — 53:24 Ердаков
1:5 — 58:19 Тамбиев (Ломако)
2:5 — 59:44 Локтев (Медведев, Коростин)