Қысқы

Пхенчхан Олимпиадасына қатысқан спортшылардың соңғы легі елге оралды

news-banner7
mobile-news-top

Пхенчхандағы ақ Олимпиадада өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының соңғы мүшелері елге оралды.

Алматыға табан тіреген шорт-трекшілер олимпиада ойындарында жалпы есепте алтыншы орынға табан тіреді. Оларды спортшылардың туғандары, достары және жанкүйерлері күтіп алды. Пхенчханда Қазақстанның туын көтеріп шыққан спортшымыз Абзал Ажғалиев «жүлделі орыннан көрінуге техникалық сәтсіздік кедергі болды» дейді.

Айта кетейік, Оңтүстік Корея елінде өткен XXIII қысқы Олимпиада да Қазақстан құрамасы 28-орыннан көрінді.

Абзал Ажғалиев, шорт-тректен Қазақстан командасының мүшесі:

- Спорт болған соң ондай сәтсіздіктер болып тұрады. Енді осы Олимпиададан кейін алда көптеген жоспарларымыз бар. Эстафеталық және жеке дарада. Осы алда бізде әлем чемпионатымыз бар Канада елінде. Соған дайындаламыз.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер