Қазақстандық спортшылар Олимпиаданы аяқтады
Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада шаңғышы қыздарымыз 30 шақырымдық масс-стартта өнер көрсетті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бірақ, қазақстандық жанкүйерлердің ең соңғы үміті де ақталмады. Қыздарымыз барын салғанымен, жүлделі орынға қол жеткізе алмады.

Анна Шевченко 31-ші, Валерия Тюленева 32-ші, Елена Коломина 33-ші болып мәреге қатар жетті.

Осылайша, еліміз спортшылары Оңтүстік Корея жеріндегі Олимпиада ойындарын аяқтап отыр. Команда қоржынында фристайлшы Юлия Галышева алып берген жалғыз қола жүлде ғана бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или