Денис Тен Олимпиададағы жарыс жолын аяқтады
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Пхенчхандағы Олимпиадада жарыс жолынан шығып қалды , деп жазады prosports.kz.
Денис Тен 30 спортшының ішінде төртінші болып мұзайдынға шықты. Қысқа бағдарламада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 70.12 ұпай жинады.
Еркін бағдарламаға өту үшін Денис алдымен 24 үздік мәнерлеп сырғанаушылардың қатарына кіру қажет болатын. Нәтижесінде қазақстандық спортшы бар болғаны 27-ші сатыға жайғасты. Осылайша Денис Тен алғаш рет Олимпиаданың алғашқы айналымынан ары аса алған жоқ
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или