Денис Тен: Бұл - өмір, бәрі ойдағыдай өте бермейді
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада қысқы бағдарламада көрсеткен өнеріне пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
- Әрине, мансабымдағы ең үздік нәтиже емес. Пхёнчханға келгеннің өзіне қуаныштымын. Шын айтсам, ұйықтасам да аяғым ауырады. Күн сайын сол сезіммен күресіп келемін. Оңтүстік Кореяға қатты келгім келген. Мұнда өнер көрсеткеніме бақыттымын. Жақсы нәтиже көрсете алмағаным өкінішті. Алдағы уақытта нәтижені жақсартуға тырысамын. Бұл - өмір. Бәрі ойдағыдай өте бермейді. Мені және басқа да қазақстандық спортшыларды алдағы уақытта жақсы көрсеткіш пен жеңіс күтіп тұрғанына сенемін, - деді Денис Тен.
Денис Тен 30 спортшының ішінде төртінші болып мұзайдынға шықты. Қысқа бағдарламада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 70.12 ұпай жинады.
Еркін бағдарламада жүлделі орынға талас үшін Денис алдымен 24 үздік мәнерлеп сырғанаушылардың қатарына кіру қажет.