Whoscored.com: Эрич – «Астана» сапындағы үздік ойыншы

Whoscored.com: Эрич – «Астана» сапындағы үздік ойыншы

Танымал Whoscored.com сайты Еуропа Лигасы 1/16 финалы аясында өткен «Астана» — «Спортинг» (1:3) кездесуінің статистикалық мәліметтерін жариялады. 

Ойынның үздік ойыншысы – жартылай қорғаушы Бруну Фернадеш. Ол 9,2 ұпай жинаған. Оның орталық шептегі әріптесі Желсон Мартинш 8,5, шабуылшы Сейду Думбия 7,9 ұпай жинаған. Ал «Астана» сапынан Ненад Эрич үздік атанды. Оның нәтижесі 7,8-ге тең. Шабуылшы Патрик Твумаси 7,3 ұпай жинаса, Игорь Шитов пен елордалық команданың осы кездесудегі жалғыз голының авторы Марин Томасов 7,0 ұпайдан жинады. 

Қарымта ойын 22 ақпан күні Лиссабонда (Португалия) өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или