русский язык
Қысқы

Олимпиада-2018: 16 ақпанға арналған жарыс кестесі

Олимпиада-2018: 16 ақпанға арналған жарыс кестесі
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz назарларыңызға жұма, 16 ақпанда Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада өнер көрсететін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынады.

Резервте тұрған алғашқы күнді тау шаңғысына беруге тура келді, себебі кейінге шегеріле бергендіктен сайыстың бағдарламасы өзгеріп кетті. Сондықтан, ертең бұл спорттың бірден екі түрлі сайысы өтеді. Слаломда Мария Григорова соңғы рет жарыс жолына шықса, Игорь Закурдаев супергигантта өнер көрсетеді.

2014 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен жүлде үшін жаңа сапарын бастайды. Ертең ерлер арасындағы жекелей сында қысқа бағдарлама өтеді.

Қазақстандық шаңғышылар Виталий Пухкало мен Денис Волотка 15 шақырымдық жарысқа қатысады.

Сергей Ткаченко трамплиннен секіруде негізгі сайысқа өту үшін тағы бір іріктеуге қатысады. Бұл жолы үлкен трамплин жарысы.

Тау шаңғысы

7:00, 10:45 Әйелдер, арнайы слалом

Мария Григорова

8:00 Ерлер, супергигант

Игорь Закурдаев

Мәнерлеп сырғанау

7:00 Мужчины, короткая программа

Денис Тен

Шаңғы жарысы

12:00 Ерлер, 15 км, конькилік жүріс

Евгений Величко, Виталий Пухкало, Денис Волотка

Шаңғымен трамплиннен секіру

18:30 Ерлер, К-120, іріктеу

Сергей Ткаченко

Астана уақытымен

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;