Биатлоншыларымыз жекелей жарыста үздік 60-тыққа ене алмады
Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада биатлоншылар 20 шақырымдық жекелей жарысқа қатысты.
Бұған Қазақстаннан төрт биатлоншы қатысты – Василий Подкорытов, Максим Браун, Владислав Витенко и Тимур Хамитгатин. Бұл төрттіктен үздік нәтижеге Браун қол жеткізді – 61-ші орын. Ол бірінші орын алған спортшыдан 5 минут, 46.9 секундқа қалып қойды. Ал Подкорытов 62-ші орын, Хамитгатин 72-ші орын алды. Витенко мәре сызығын 83-ші болып кесті.
Бұл жарыста Олимпиада чемпионы атағын норвегиялық Йоханнес Бе алды. Күміс жүлдегер – словениялық Яков Фак. Қола медаль австриялық Доминик Ландертингерге бұйырды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или