Қазақстандық акробатшылар финалға ілікпеді

Қазақстандық акробатшылар финалға ілікпеді

Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада фристайл акробатика жарысының іріктеу кезеңі аяқталды.

Алғашқы кезеңнен соң қазақстандықтардың ешқайсысы да тікелей финалға шыға алмады. Ақтық сынға бұл кезеңнен алты спортшы өтті.

Өкінішке қарай, екінші кезеңнен соң да қазақстандықтардың жолы болмады. Бұл кезеңнен де үздік шыққан алтауы финалға өтуі керек еді. Алайда Жанбота Алдабергенова 7-ші орынға табан тіреді – үздік нәтижесі 85.36. Ал Маржан Ақжігіт 14-ші орынмен аяқтады. Ақмаржан Қалмұрзаева – 16-шы, Аяна Жолдас – 18-ші.

Алғашқы жаттығу:

Алдабергенова – 12-ші орын (81.07 ұпай)

Ақжігіт – 14-ші орын (79.17)

Қалмұрзаева – 21-ші орын (58.58)

Жолдас – 23-ші (51.01)

Екінші іріктеу кезеңі:

Алдабергенова – 7-ші орын (85.36 ұпай)

Ақжігіт – 14-ші орын (70.20)

Қалмұрзаева – 21-ші орын (47.32)

Жолдас – 18-ші (57.98)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или