Мария Григорова 57-ші нәтиже көрсетті

Мария Григорова 57-ші нәтиже көрсетті

Дәл қазір Пхенчхандағы Қысқы Олимпиада ойындарында тау шаңғы спортынан екі бірдей бәсеке өтіп жатыр.

Алып слалом сайысында әйелдер арасында Мария Григорова жарыс жолына соңынан шығып, тек 57-нәтиже көрсетті. Көш басындағы италиялық шаңғышы Мануэла Мёльгтен 11 секундқа қалыс келді. Енді жерлесіміз ертең Астана уақытымен таңғы жетіде күні кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілген слаломда өнер көрсетеді. Сондай-ақ қазір аса алып слаломда ерлер арасында Игорь Закурдаев бағы мен бабын сынап жатыр. Оның реттік нөмірі - 48.

Еске салайық, отандасымыз осыған дейін слалом және қырдан құлдилап түсу біріктірілген жарысында 31-нәтиже көрсеткен еді.

 

24.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или