Қысқы

Олимпиада-2018: 15 ақпанға арналған жарыс кестесі

Олимпиада-2018: 15 ақпанға арналған жарыс кестесі
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz назарларыңызға бейсенбі, 15 ақпанда Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада өнер көрсететін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынады.

Юлия Галышеваның қола жүлдесінен кейін еліміз спортшылары команда қоржынын қампайта алмауда. Мүмкін енді сәті түсер деген үмітпен ертең бақ сынайтын спортшылармыздың жолына қарайтын боламыз.

Ертең қазақстандықтар төрт спорт түрінен жарысқа қатысады. Солардың ішінде фристайл-акробатикадан өнер көрсететін қыздарымыз алғаш рет жарыс жолына шыққалы отыр.

Тау шаңғысы

7:15, 10:45 Әйелдер. Слалом

Мария Григорова

8:30 даунхилл, ерлер

Игорь Закурдаев

Шаңғы жарысы

2:30 Шаңғы жарысы, 10 шақырым, еркін стиль, әйелдер

Елена Коломина, Анна Шевченко, Валерия Тюленева

Биатлон

14:15 жекелей сайыс, әйелдер

Галина Вишневская, Ольга Полторанина, Алина Райкова, Дарья Климина

17:20 жекелей сайыс, ерлер

Роман Еремин, Максим Браун, Тимур Хамитгатин, Владислав Витенко

Фристайл

17:00 Фристайл-акробатика, біліктілік, әйелдер

Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева, Маржан Ақжігіт, Аяна Жолдас

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер