Олимпиада-2018: Бесінші жарыс күнінің қорытындысы
Пхенчхандағы Олимпиада ойындарына қатысып жатқан отандастарымыз 13 ақпанда да сәтті өнер көрсете алмады. Бүгін жарыс жолына шыққан спортшыларымыздың барлығы жүлделі орындардан тым алыс қалды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Қазақстандық спортшылар арасынан алғаш болып жарыс жолына Игорь Закурдаев шықты. Тау шаңғысы спортынан альпілік комбинация жарысында бақ сынаған Закурдаев 42-ші орыннан ғана көріне алды.

Ал шаңғы жарысының классикалық стильдегі жекелей спринтінде бақ сынаған қыздарымыздың жолы бола қоймады. Іріктеу кезеңінде Елена Коломина 55-ші орын алса, Валерия Тюленова 60-орынға табан тіреді. Ең жақсы өнер көрсетті деген Анна Шевченконың өзі ширек финалдан әрі аса алмады.

Дәл осы спорт түрінің ерлер арасындағы жарысына қатысқан жігіттеріміз де қыздардан асып өнер көрсете алмады. Денис Волотка іріктеу сатысынан аса алмады. Ал ел үміт артқан Алексей Полторанин да ширек финалдан әрі аспады.

Қазақстандық шорт-трекші Нұрберген Жұмағазиев ерлер арасында 1000 метрлік жарыстың іріктеу кезеңінде жарыс жолынан шығып қалды.

Ал Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы 5000 метрлік эстафетаның жартылай финалында өте сәтсіз өнер көрсетті. Екі спортшымыз өрескел қателікке бой алдырды. Тіпті бір шорт-трекшіміз алаң жиегіндегі қоршауға соғылды. Сөйтіп, келесі кезеңге шыға алмады.

Конькимен жүгіру спортынан бәсекеге түскен отандасымыз Федор Мезенцев 28-ші орын, Денис Кузин 30-шы орын алды.

Осылайша, бүгін де команда қоржынына медаль түспеді.