Қазақстан кубогының жеребесі 16 ақпанда тартылады
16 ақпан күні Қазақстан кубогының жеребесі тартылады, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Жеребе тарту рәсімі Астана қаласында Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының кеңсесінде сағат 11:00-де өтеді.

Бұл жолғы жеребе тек іріктеу кезеңіне қатысатын командалар үшін ғана болмақ. Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі 18-26 наурыз аралығында өтеді деп жоспарланған. Бұл кезеңге Бірінші және екінші лигаланың командаларымен қатар, әуесқой клубтар және аймақтық турнирлердің жеңімпаздары да қатысатын болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или