Criminals
Жеңіл атлетика

Кениялық желаяқтар Қазақстан азаматтығын алу үшін елден қашқан

Кениялық желаяқтар Қазақстан азаматтығын алу үшін елден қашқан
news-banner7
mobile-news-top

Кения жеңіл атлетика федерациясы Қазақстан азаматтығын алу үшін жаттығу базасынан қашқан үш спортшыға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.

Кения жеңіл атлетика федерациясының президенті Джек Тувей спортшылардың Итен жаттығу лагерінен не себепті қашқанын анықтайтынын мәлімдеді.

«Жеңіл атлеттер әлі кәмелеттік жасқа толмаған, оларға үлкен адамның бақылауы қажет. Біз бұл мәселені түбегейлі зерттеп, қашуға көмектескен азаматтар біздің заң бойынша жауапкершілікке тартылады. Басқа елдің азаматтығын алу қылмыс емес. Алайда, ол процесс өзіндік тәртіп пен рәсімді талап етеді. Үш спортшы ол тәртіпті бұзды», - деді кениялық жеңіл атлетика федерациясының басшысы Найробидегі ел чемпионатында.

Айта кетейік, соңғы кездері кениялық желаяқтар қаржы мәселесі мен үлкен бәсекелестікке байланысты басқа елдердің азаматтығын алуда. Осы жылдың өзінде 40-тан астам кениялық стайерлер өзге елге қашқан. Ал 2016 жылғы Рио Олимпиада ойындарында 20-ға жуық «қашқындар» өзге елдердің намысын қорғаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер