Шорт-тректен Қазақстан құрамасы жүлдеден тыс қалды
Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада 5000 метрлік эстафетаның жартылай финалында өнер көрсетті.
Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Ажғалиев, Денис Никиша мен Еркебұлан Шамұхановтан құралған Қазақстан өз тобында үшінші орын алып, «А» финалына өте алмады. Бұл топта бірінші орынды қытайлықтар, екінші орынды Канада жеңіп алды.
Ал Нидерланды құрамасы ереже бұзғаны үшін жазаланды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы 22 ақпанда өтетін «B» финалында өнер көрсетеді. Мұнда олар бесінші орынға таласады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или